«7 ақпанда сағат 00:00-ден бастап террористік қауіптіліктің жоғары «қызғылт сары» деңгейі жойылады», делінген хабарламада.
Арнайы және құқық қорғау органдары күшейтілген қызмет түрін жалғастыра береді.
Еске сала кетсек, 5 қаңтарда Қазақстанда жаппай тәртіпсіздіктер мен террористік шабуылдар орын алды. Тәртіпсіздіктер нәтижесінде 225 адамның өмірі қиылды. Олардың 149-ы Алматыда қайтыс болды.
25 қаңтардағы жағдай бойынша тергеу топтарының өндірісінде 2044 қылмыстық іс қозғалды, олар бойынша 898 күдікті ұсталды.