Экономика • 07 Ақпан, 2022

Салықтан мемлекеттік бюджетке қанша қаржы түседі?

479 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, өткен жылы мемлекеттік бюджетке салықтан 10,7 трлн теңге түскен. Аталған көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 25,3 пайызға артқан, деп жазады Egemen.kz.

Салықтан мемлекеттік бюджетке қанша қаржы түседі?

«2021 жылы мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 103,6 пайыз (жоспар бойынша 10 346,9 млрд теңге, 377,4 млрд теңгеге асыра орындаумен 10 724,3 млрд теңге түсті) орындалды», деп хабарлады комитет.

Ведомство мәліметінше, 2020 жылмен салыстырғанда республикалық бюджетке түсімдер өсімінің ең көп сомасы мұнайға салынатын корпоративті табыс салығы бойынша 533,7 млрд теңгеге, экспорттық кеден баждары бойынша 441,0 млрд теңгеге немесе 1,8 есе, ЕАЭО елдерінен импортқа қосылған құн салығы бойынша 235,8 млрд теңгеге, үшінші елдерден импортқа ҚҚС бойынша 149,3 млрд теңгеге немесе 23,1% және пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша 116,8 млрд теңгеге өскені анықталды.

Ал 2021 жылы онлайн бақылау-касса машиналарынан бір салық төлеушіден орташа түсім 16,6 пайызға артқан.