Аймақтар • 08 Ақпан, 2022

Көлік қағып, қаза тапты

414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы Волошинка ауылы үлкен тас жолдың бойында орналасқан. Жол-көлік оқиғасы осы Волошинка ауылында болып, ерлі-зайыпты екі тұрғынды Ford Focus автокөлігінің жүргізушісі 3 ақпанға қараған түні ауыл маңындағы жолда қағып кеткен.

Көлік қағып, қаза тапты

Жүргізуші оқиға орнында ұстал­ды. Куәландыру нәтижесі көрсет­кендей, жүргізуші алкогольдік масаң күйде болған.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бо­йын­ша Қылмыстық кодекстің 345-1 бабының 4-бөлігі «Абайсызда екі немесе одан көп адамның өліміне алып келген алкогольдік масаң күйде көлік құралдарын басқарған адам­дардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 32 жастағы жүргізуші, Волошинка ауылының тұрғыны, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

 

Солтүстік Қазақстан облысы