Мемлекеттік орталық музейде Қазақстанның «Көркем еңбек» пәні мұғалімдерінің қатысуымен республикалық «Бабалар үні» көрмесі ашылды. Дәстүрлі жоба жыл сайын үздік ұстаздарды рухани алаңға жинап, өзара тәжірибе алмасуға жол ашып келеді.

«Бабалар аманаты» жобасының мақсаты еліміздің бүкіл аймақтарындағы көркем еңбек пәні мұғалімдерін бір арнада тоғыстыру. Сол арқылы өскелең ұрпақтың тәлім-тәрбиесі мен білім негізін ұштастыру һәм әрқилы жанрдағы туындылардың қыр-сырын тарих тағылымына терең бойлата отырып көрерменге жеткізу.
Биыл «Бабалар аманаты» Ұлттық жобасының құрылғанына үш жыл толды. Жобаға Суретшілер одағы, Республика дизайнерлерінің Еуразиялық одағы, Қолөнер одағы және шығармашылықпен айналысатын еліміздің Көркем еңбек мұғалімдері кіреді. Олар Түркия, Грекия және Орталық Азия елдері арасында өтетін халықаралық көрмелерге үзбей қатысып келеді.
Жоба жетекшісі – Қанағат Кодеков. «Бабалар аманаты» – халықаралық кәсіби суретшілері мен талантты Көркем еңбек мұғалімдерінің үздік шығармалар жинағының авторы «Үздік педагог-2021» байқауының жеңімпазы атанған болатын. Сондай-ақ оның қолтаңбасынан Әл-Фарабидің 1150 жылдығына, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына, Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шығармалар жинақтары жарық көрді.
– Көркем еңбек пәндерін оқытатын республиканың барлық өңірлерінен келген 800-ден астам ұстаз, шығармашыл педагог «Бабалар аманаты» жобасында республикалық және халықаралық деңгейде педагогикалық өнерді насихаттау мақсатында бірікті. Жоба мүшелері елімізде өтіп жатқан мәдениет күндеріне белсенді қатысып, көрмелер өткізеді. Қазіргі уақытта еліміздің педагогикалық қоғамдастығы өскелең ұрпақты ұлттық бейнелеу өнерінің құпиялары мен қыр-сырына үйрету үшін тынымсыз еңбек етуде, өнер арқылы оларды қазіргі заманғы көркемдік бағыттармен таныстырады, эстетикалық тәрбиені, сұлулықты дұрыс түсінуді қалыптастырады. Қазақстанның ұлттық өнерін насихаттау ісінде шығармашыл педагогтердің орны ерек, – дейді Қанағат Кодеков.
Биылғы көрмеге Қарағанды, Атырау, Ақтау, Шымкент, Маңғыстау, Павлодар, Семей, Өскемен және тағы басқа да аймақтардан халқымыздың ұлттық мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрін, Қазақстан табиғатының сұлулығын бейнелейтін 40-тан астам туынды ұсынылған. Алматылық көрермендер мен қала қонақтары аталған өнер жәрмеңкесін 2022 жылдың 23 ақпанына дейін тамашалай алады.
АЛМАТЫ
Өнер • Бүгін, 08:35
Үкімет • Бүгін, 00:01
Ел болашағына арналған бағдарлама
Қоғам • Кеше
Зейнетақы қоры ірі жобаларды инвестициялайды
Экономика • Кеше
1 700 жолаушының өтелген шығыны
Экономика • Кеше
Ауылды намысшыл ағайын көтереді
Пікір • Кеше
Ауыл • Кеше
Көші-қонның жаңа тәртібі күшіне енді
Қазақстан • Кеше
Дохада қазақ шығыстанушысы марапатталды
Үміт • Кеше
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Білім • Кеше
Қоғам • Кеше
Күйзелгенге көмектесетін 3580 call-орталығы
Медицина • Кеше
Күйік шалғандар лайықты ем алды
Аймақтар • Кеше
Сәбиге жасалған күрделі операция
Медицина • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Кино • Кеше
Білім бағдарламасының озығы қайсы?
Білім • Кеше
Әлеуметтік кесел әл бермей тұр
Аймақтар • Кеше
Ең қысқа әңгіме • Кеше
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Тарих • Кеше
Елеусіновтің екпінін кім басты?
Бокс • Кеше
Спорт • Кеше
Конгресс кітапханасында сақталған
Тарих • Кеше
Қоғам • Кеше
Астана кешінде – «VIVA MUSICA!»
Өнер • Кеше
Елена Рыбакина Australian Open турнирінде рекорд орнатты
Теннис • Кеше
Экология және табиғи ресурстар вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Алматыда ЖЭО-2-ні газға ауыстыру жобасы талқыланды
Аймақтар • Кеше
Маңғыстауда көлікте ұйықтап қалған азамат қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
БҰҰ өңірлік орталығының басшысы Қазақстанға келеді
Саясат • Кеше
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Ұқсас жаңалықтар