Аймақтар • 08 Ақпан, 2022

Шымкентте тасымалды су тұтынатын елдімекендер мәселесі толығымен шешілді

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі күні мегаполистегі 81 елдімекеннің 78-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілсе, 3 елдімекен суды кестемен (Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ) тұтынады. Өткен жылы тасымалды су ішетін 7 елдімекеннің мәселесі толығымен шешілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте тасымалды су тұтынатын елдімекендер мәселесі толығымен шешілді

Бұл жылы 4 нысанның (Құрсай 1,2 – кезек, Асар-2 2кезек, Нұртас ВС) құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жыл соңында 11 мыңнан астам құрсайлық сапалы ауыз суға қол жеткізеді.

Одан бөлек, биылға Еңбекші ауданындағы жаңа құрылыс аумақтары мен Текесу елдімекенінің ішкі жүйелерін қайта құру жұмыстарын жүргізу қаралған. Нәтижесінде қаланың ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 98-ден 99 пайызға өседі.

Ал, Сайрам мен Қайнарбұлақта құрылыс жұмыстары биыл басталып, келер жылы толығымен аяқталады. Нәтижесінде ауыз сумен қамтамасыз етудегі 100 пайыздық көрсеткіш орындалады.