Үкімет • 08 Ақпан, 2022

Әлихан Смайылов Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталды

489 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің кеңейтілген отырысында өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлихан Смайылов Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталды

«2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша жалпы ішкі өнімнің өсімі 4 пайызды құрады. Нақты сектор тұрақты экономикалық өсудің негізгі факторына айналды. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 8,38 пайызға жетті. Тау-кен өнеркәсібін есепке алмағанда, негізгі экономикаға инвестиция 9,5%-ға өсті. Тікелей шетелдік инвестиция өткен жылдың тоғыз айында шамамен 50 пайызға өсіп, 18,8 миллиард долларды құрады», деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ Үкімет басшысы 11 айдың ішінде шетелдік инвестицияны тартуда біршама өсім байқалғанын атап өтті.

«Сонымен қатар өткен жылдың 11 айының қорытындысы бойынша сыртқы сауда айналымы 15,4%-ға өсіп, 91,4 млрд долларға жетті. Тауар экспорты 25%-ға өсіп, 54,5 млрд долларды, импорт 4,2%-ға өсіп, шамамен 37 млрд долларды құрады», деді Әлихан Смайылов.