«Ластаушы заттар шығарындыларын азайтуға, қалдықтар мен су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіруге, көлдерді қалпына келтіруге бағытталған шараларды іске асыру жалғасады. Автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникасынан кәдеге жарату алымының мөлшерлемелері оларды айтарлықтай азайту жағына қарай қайта қаралуда», деді Әлихан Смайылов.
Үкімет басшысы ағынды суларды ағызу көлемін азайту, технологиялық қажеттіліктер үшін тұщы суды тұтынуды азайту және табиғи қоқыстардың санын азайту бойынша шаралар жүзеге асырылатынын айтты.
Мемлекеттік басқаруды жаңғырту шеңберінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің қайталануын және олардың толық интеграциялануын болдырмау үшін бірыңғай IT платформаға көшу қамтамасыз етіледі және мемлекеттік органдардағы процестер мен рәсімдердің реинжинирингі жүргізіледі.