Тағайындау • 09 Ақпан, 2022

Бақыт Сұлтанов жаңа қызметке тағайындалды

660 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бақыт Сұлтанов «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Ол бұл қызметке Әлихан Смайыловтың орнына келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бақыт Сұлтанов жаңа қызметке тағайындалды

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ баспасөз қызметі атап өткендей, бұл шешім 2022 жылғы 4 ақпанда қордың Директорлар кеңесімен қабылданды.

Ол 1994 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін инженер-электрик мамандығы бойынша, 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне қаржы нарығының бағалы қағаздары басқармасы акционерлеу және лицензиялау бөлімінің жетекші экономисті болып бастады.

1995 жылдан бастап бөлім бастығы, кейін басқарма бастығының орынбасары (1996), Бюджет департаменті директорының орынбасары (1997), Мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры (1998), Қазынашылық департаменті директорының орынбасары (1999), Бюджет департаменті директорының орынбасары (2001), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік Бюджет департаментінің директоры (2002) болып тағайындалды.

2002 жылғы қыркүйектен 2003 жылғы маусымға дейін - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Бюджет саясаты және жоспарлау департаментінің директоры.

2003 жылғы маусымнан 2006 жылғы ақпанға дейін - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.

2006 жылғы ақпаннан 2007 жылғы қаңтарға дейін - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы.

2007 жылғы қаңтардан 2007 жылғы 10 тамызға дейін - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі.

2007 жылғы 10 тамыздан бастап - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.

2010 жылғы 13 наурызда Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.

2012 жылғы 21 қаңтардан 2013 жылғы 6 қарашаға дейін - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.

2013 жылғы 6 қарашадан 2018 жылғы 11 қыркүйекке дейін - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары және Қазақстан Республикасының Қаржы министрі.

2018 жылғы 11 қыркүйектен 2019 жылғы 13 маусымға дейін - Астана, қазіргі Нұр-Сұлтан қаласының әкімі.

2019 жылғы 17 маусымнан бастап - Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі.

2022 жылғы 11 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі болып тағайындалды.

Бұған дейін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановты ЕЭК Кеңесіндегі Қазақстанның өкілі етіп тағайындау туралы Жарлыққа қол қойған болатын.