Қазақстан • 09 Ақпан, 2022

KEGOC АҚ қызметкерлердің жалақысын көтерді

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстан Республикасы Президентінің «Самұрық-Қазына» АҚ-ны реформалау мәселелері бойынша берген тапсырмасын орындау мақсатындағы іс-шаралар жоспарын» жүзеге асыру аясында  KEGOC АҚ-да қызметкерлерді әлеуметтік қолдауға қатысты бірқатар мәселені шешті, деп хабарлайды Egemen.kz

KEGOC АҚ қызметкерлердің жалақысын көтерді

Компанияда биылғы ақпаннан бастап қызметкерлердің еңбекақылары мен тарифтік мөлшерлемелерін, атап айтқанда өндірістік персонал үшін орташа алғанда 25%-ға, инженерлік-техникалық қызметкерлер мен мамандар үшін орташа алғанда 18%-ға өсіру туралы шешім қабылданды.    

Бұл ретте топ-менеджменттің және орталық аппараттың орта буын басшыларының жалақылары көтерілмейді.

Сонымен қатар тоқсандық сыйақы мөлшері де өсті, соның есебінен жылдық жиынтық табыс 2022 жылы жұмысшы персонал үшін 28%-48%-ға, инженерлік-техникалық қызметкерлер мен мамандар үшін  15%-36%-ға және орта буын басшылары үшін 10%-15%-ға өседі.

Компания өз қызметкерлерін әлеуметтік қолдау мәселелеріне ерекше мән береді және осы бағытта қабылданған жүйелі шаралардың арқасында 10 жыл ішінде «Самұрық-Қазына» АҚ портфелдік компаниялары арасында әлеуметтік тұрақтылық көрсеткіштері бойынша көш бастап келеді.