Мәжілістің жалпы отырысында Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев құқық қорғау қызметін жетілдіру бойынша заң жобасын таныстырды, деп жазады Egemen.kz.

«Барлық орган үшін кадрлық процесті, қызметкерлерге қойылатын талаптарды бірдей ету керек. Оның ішінде қызметкерлерді көтермелеу, жаза қолдану, атақ-шендер беру, арнайы органдардан ауысу, аттестациялау және жұмысын бағалау мәселелері. Осыларды реттеу мақсатында заң жобасы әзірленді», деді Бас прокурордың орынбасары.
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев ұсынылған Заң жобасында құқық қорғау қызметіне қабылдану талабы күшейтілетінін айтты.
«Бірінші мәселе – қызметке қабылдау тәртібін оңтайландыру. 2019 жылы депутаттардың қолдауымен заңға түзетулер жасалып, төменгі лауазымдарға кадрлар дайындаудың жаңа тәртібі енгізілді. Қазір төменгі қызметтерге алу үшін жас мамандар міндетті түрде құқық қорғау академияларын бітіруі тиіс. Ал енді орта және жоғары лауазымдарға құқық қорғау және арнайы органдарда, мемлекеттік және әскери қызметте бұрын болғандар, судьялар қабылданады. Олар конкурс арқылы және конкурстан тыс тәртіпте қызметке алынады», деді Әсет Шындалиев.
Конкурс арқылы негізінен аға басшысы құрамдарға жеткілікті тәжірибесі бар адамдар тағайындалады. Оларды тағылымдамадан өткізудің қажеті аз. Сол себепті заң жобасы конкурс бойынша тағайындалған кандидаттар үшін тағылымдаманы алып тастауды ұсынады. Ал арнайы тексеруден конкурстан соң өтеді. Бұл түзетулер қызметке қабылдау процесін тездету, қажет мамандарды жұмысқа алуды жылдамдатуға мүмкіндік береді.
«Қазір конкурстан тыс облыстық құқық қорғау органдарының бастықтары қабылдаса, енді тек орталық орган басшысы ғана қабылдайды. Қабылдау талаптары да күшейтіледі. Енді қызметке алу үшін 3 жыл стаж керек болады. Ал әскерде қатардағы солдат болғандар жалпы негізде қабылданады. Күштік органдарға жұмыс істеп жүрген қызметкерлер құқық қорғау саласына ауысу арқылы қабылданады», деді ол.
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • Кеше
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • Кеше
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • Кеше
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • Кеше
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • Кеше
Парламент • Кеше
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • Кеше
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • Кеше
Аймақтар • Кеше
Екібастұз тұрғыны есірткімен ұсталды
Аймақтар • Кеше
Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде көтерілді
Футбол • Кеше
АрселорМиттал Теміртаудағы апатқа жұмыс беруші кінәлі - комиссия
Қазақстан • Кеше
Алматыда жоғалған жасөспірім өлі табылды
Оқиға • Кеше
Еуропада коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Әлем • Кеше
Көкшетауда контрабандалық темекі өнімдері тәркіленді
Оқиға • Кеше
Alibaba желісінде Қазақстанның ұлттық платформасы ашылды
Қазақстан • Кеше
Әлем • Кеше
Ұқсас жаңалықтар