Тағайындау • 09 Ақпан, 2022

Түркістан облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасына жаңа басшы тағайындалды

689 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы әкімінің өкімімен Дастан Әлтеев Түркістан облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Дастан Әлтеев - Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша түлегі.

Еңбек жолын 2003 жылы Арыс қаласы әкімдігінің қаржы бөлімінде бастаған.

2005 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы қаржы департаментінің заң және кадр жұмысы бөлімінде, 2006-2012 жылдары облыстық қаржы департаментінің бас маманы, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және біржолғы талондарды беру бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.

2012-2018 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы құрылыс басқармасының заң қызметі және Мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы, Мемлекеттік сатып алу басқармасының Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.

2018 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2018 жылдан бастап Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.