Қысқы спорт • 09 Ақпан, 2022

Бейжің Олимпиадасы: Төрешілер Ольга Тихонованы жарыстан шеттетті

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бейжің Олимпиадасында шорт-тректен 1000 метрге жүгіруден әйелдер арасындағы іріктеу бәсекелері өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.

Бейжің Олимпиадасы: Төрешілер Ольга Тихонованы жарыстан шеттетті

Бұл бәсекеде Қазақстан атынан Ольга Тихонова сынға түскен болатын. Ол жарыс барысында қарсыласына соқтығысып, құлап қалды. Салдарынан, төрешілер Тихонованы жарыстан шеттетті. 

Десе де, ол аталған қашықтықты 1 минут 56 секундта жүгіріп өткен. 

Енді қазақстандық спортшы 16 ақпан күні 1500 метрге жүгіруден сынға түседі.