Қысқы спорт • 09 Ақпан, 2022

Әділ Ғалиахметов Бейжің Олимпиадасында үздік сегіздікке енді

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бейжің Олимпиадасында шорт-тректен 1500 метрге жарысудан ерлер арасындағы жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.

Әділ Ғалиахметов Бейжің Олимпиадасында үздік сегіздікке енді

ФОТО: Владислав Семенов, Қазақстан ҰОК

Бұл бәсекеде қазақстандық Әділ Ғалиахметов те бақ сынады. 23 жастағы оралдық спортшы әлем мықтыларымен бір қатарда өнер көрсетіп, сегізінші орынға табан тіреді. 

Аталған қашықтықта Олимпиада чемпионы атағын Оңтүстік Корея өкілі Хван Дэ Хон жеңіп алды. 

Күміс медальді канадалық Стивен Дюбуа, қола медальді ресейлік Семен Елистратов иеленген. 

Айта кетелік, бұл қазақстандық Әділ Ғалиахметов үшін үлкен жетістік. Әділ ересектер арасындағы Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысып, бірінші мүмкіндігінде-ақ финалға жолдама алды.