14 Мамыр, 2010

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА НАЗАР

395 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бұрнағы күні елордада Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері сыртқы істер министрліктерінің арасында саяси консультациялар болды. Қазақстан делегациясына еліміз Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаев, БАӘ делегациясына Біріккен Араб Әмірліктерінің Сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік министрі Әнуар Мұхаммед Гаргаш  жетекшілік етті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. Мәжіліс аясында тараптар екі жақты әріптестіктің қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады. Сол күні Әнуар Мұхаммед Гаргашты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев қабылдап, онда екі ел арасындағы өзара ынтымақтастықтың түрлі қырлары талқыланды.