Елорда • 10 Ақпан, 2022

14 ақпаннан бастап елордалық оқушылар дәстүрлі форматта оқиды

640 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері елордада 6 мыңға жуық оқушыдан коронавирус анықталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

14 ақпаннан бастап елордалық оқушылар дәстүрлі форматта оқиды

«Жыл басынан бері оқушылар арасында 5 929 жағдай тіркелді. Оның ішінде 365 бала оффлайн, 3 346 бала онлайн оқу кезінде ауырып қалса, 2 219 бала демалыста жүрген кезінде коронавирусқа шалдыққан», деді Сархат Бейсенова елорда әкімдігінде ұйымдастырылған брифинг барысында.

Сонымен қатар бас санитар дәрігер 14 ақпаннан бастап елордалық барлық оқушы оффлайн форматта оқитынын атап өтті.

«Мектеп жасындағы балалар арасындағы аурушаңдыққа және оның жеңіл әрі орташа деңгейде өтетіндігіне сараптама жасай отырып, ведомствоаралық коммиссияның шешімі негізінде ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері осы жылдың 9 ақпанында 14 ақпаннан бастап барлық сынып оқушыларын оқудың дәстүрлі форматына ауыстыру туралы №8 қаулысын шығарды», деді ол.