Аймақтар • 11 Ақпан, 2022

Адасқан 12 бала табылды

325 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұлар бірге кетіп, бір жерден жоғалғандар емес, Петропавл қалалық ПБ ювенал­дық полициясы биыл ғана іздеу салып тапқан барлық бала са­ны.

Адасқан 12 бала табылды

Баланың қаңғыбас, кезбе болуы­ның өзі көбінесе ата-аналардың қырағы­лы­ғы­ның төмендігінен болады. Әрине, жұмыс­бастылық, бала­ларға қарайтын уақыт­тың тапшылығы – баланың еркін­суіне, қы­ды­рымпаздыққа ұшы­ра­уына соқ­тырары сөзсіз. Қазіргі ба­ла­ларды бұрынғыдай үйге қамап қою да қиын. Сонымен бірге жас ба­лаға селкеусіз сенім артып, оны өз бетімен қыдыруға немесе бір жерге жолаушылатып жіберу де артынан қайғылы жағдайларға соқтырып жатады. Мысалы, петро­павлдық бір әйел 10 жасар баласын қаланың басқа шетінде тұратын әжесіне жалғыз жі­берген. Біраз уақыттан кейін ба­ла­ның көздеген жеріне жетпегенін біліп, әйелдің құлындаған жаны құраққа ұша­ды. Сөйтсе, бала әжесінің үйінің маңына жеткізетін автобустың нөмірін шатастырып, басқа бағытқа отырып кетіп қалған екен. Аяғынан тік тұрған полиция кезекшілікте жүр­ген өз­дерінің барлық экипажын кө­те­ріп, баланы екі сағаттан кейін та­уып берген.

Мынадай оқиға да жиі қайта­ла­нады. Ақпанның 7-сі күні бір бала­қай жаттығудан кейін үйіне уа­қы­­тында келмей қалған, телефон қо­ңы­рауларына жауап бермеген. Оның анасы сыныптасының ата-ана­сына хабарласады. Олар «Где мои дети?» мобильді қосымшасын пайда­ланады екен, сол бағдарлама бо­йынша баласының Қазақстан Конституциясы көшесі бойын­дағы сырғанақта болғанын, кейін байланыс үзілгенін біле­ді. Ювеналдық полиция қыз­меткерлері осы мәліметке сүйе­ніп, сол төңіректі шолуға кіріс­кен. Балалардың жақын маң­дағы сау­да нүктелеріне жы­лынуға кірулері мүм­кін деген ойлары дұрыс болып шығады. Балалар осы жердегі су­пер-мар­кеттің ішінде сайраңдап жүр­­­ген жерлерінен табылды. Ойынға алданып жүргенде, теле­­фондарының қуаты да тау­сылып қалған екен. Бала­қай­лар ата-аналарына аман-есен та­быс­­талды.

Басқа балалар да осы жолдар­мен табылды. Қаладағы жалпы тәртіптің сақталуының нәти­же­сінде оларға ешкім тимеген, өздері де еш бұзақылық жа­са­маған.

«Әр ата-ана балаларының кө­шеде, далада қауіпті үнемі ойлап, сақ болуы ке­ректігі туралы ба­ла­ларымен жиі әңгі­мелесуі қа­жет. Телефондарының қуа­ты толық болуын және дыбысы қосу­лы болуын да қадағалау қа­­жет», дейді Петропавл қалалық ПБ ЖПҚ бө­лімі ювеналдық полиция­ бө­лім­­­ше­сі­нің бастығы Эльмира Абушева.

 

ПЕТРОПАВЛ