14 Мамыр, 2010

ӨЗАРА МҮДДЕЛЕСТІК ТАНЫТЫЛДЫ

493 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
12 мамырда Астанада Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев өзінің әріптесі – Үндістанның Сыртқы істер министрі Соманахалли Маллайах Кришнамен кездесті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. Кездесу аясында тараптар екі жақты қарым-қатынастың ағым­дағы жағдайын, Қазақстан-Үн­дістан стратегиялық әріптесті­гі­нің даму перспективалары мен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назар­баев­тың өткен жылдың қаңтар айында Үндістанға ресми сапары барысында қол жеткізілген уағ­даластықтардың жүзеге асырылу жайын талқылады. Сауда-экономикалық ынты­мақ­тастық мәселелерін сөз еткен екі ел сыртқы саясат ведом­ство­ларының басшылары бүгінгі эко­номикалық байланыстар Қазақ­стан мен Үндістан ие зор әлеует­ке сәйкеспейтінін атап өтті. Осыған орай Қ.Саудабаев әріп­тесін еліміздің Индустриялық-инновациялық даму бағдарла­ма­сымен таныстырып, Үндістанның аталған бағдарламаны жүзеге асыруға қатысуына қызығушы­лық танытты. Сұхбаттастар сондай-ақ өңірлік халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимыл деңгейіне қанағаттана­тын­дықтарын білдірді. Кеңейтілген құрамдағы келіс­сөз кезінде екі жақты саяси, эко­номикалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мә­селелері талқыланды. Қорытын­ды­сында Қазақстан Республи­ка­сы Үкіметі мен Үндістан Рес­пуб­ликасы Үкіметінің арасындағы мәдениет, өнер, БАҚ және спорт салаларындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.