Экономика • 11 Ақпан, 2022

Қазақстанда халықтың несиесі 10 трлн теңгеден асты

431 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бір жылда банктердің берген несиесі 26% өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда халықтың несиесі 10 трлн теңгеден асты

Банктердің берген несиесі қаңтар айының қорытындысы бойынша соңғы бір айда 3,7%, ал былтырғы қаңтардан бергі бір жылда 26,5% көбейіп, 18 497,7 млрд теңгені құрады.

«Соның ішінде заңды тұлғаларға кредиттер көлемі бір айда 7 758,8 млрд теңгеге дейін 3,5%-ға, жеке тұлғаларға 10 738,8 млрд теңгеге дейін 3,8%-ға ұлғайды», деп хабарлайды Ұлттық банк.

Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі бір айда 16 588,2 млрд теңгеге дейін 3,8%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 3,8%-ға, жеке тұлғаларға кредиттер 3,9%-ға өсті. Шетел валютасындағы кредиттер көлемі 1 909,5 млрд теңгеге дейін 2,6%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 2,6%-ға өсті, жеке тұлғаларға кредиттер – 0,9%-ға төмендеді. 2021 жылғы желтоқсанның соңында теңгемен кредиттердің үлес салмағы 89,7% болды.

Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі бір айда 16 030,5 млрд теңгеге дейін 3,9%-ға, қысқа мерзімді кредиттер көлемі – 2 467,2 млрд теңгеге дейін 2,7%-ға ұлғайды.

2021 жылғы желтоқсанда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 12,2% құрады.