Коронавирус • 14 Ақпан, 2022

5 мың оқушы вакцина алды

189 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгінге дейін өңірде 12 жастан асқан 8 мыңға жуық оқушы Pfizer вакцинасының бірінші кезегін алды. Екінші компонентті вакцина ектірген бес мыңнан астам бала бар.

5 мың оқушы вакцина алды

Облыс мектептерінде ба­ла­­лар мен ата-аналарға қауіп­­­ті індеттің алдын алу­дың жалғыз жолы вакцина қабылдау екенін түсін­ді­ру жұмыстары әлі де жү­­ріп жатыр. Бұл мәселе төңі­ре­гін­де бұған дейін онлайн режімде дәрігерлер, ұстаз­дар мен ата-аналар қатыс­қан бірнеше рет жалпы мек­теп­аралық жиналыстар өткен. Қазір санитарлық-эпи­де­миялық дәрігерлер жеке-жеке білім ошақтарына ар­найы барып, ата-аналарға вак­цина қабылдаудың маңы­зы мен оның пайдасы, ар­тық­шы­лықтары туралы түсін­діруде. Мұндай жұмыстар нәти­жесіз емес, әу баста екпе­ден үзіл­ді-кесілді бас тарт­қан ата-аналардың біра­зы мән-жайды енді түсіне бас­та­ған. Мәселен, таяуда Қоста­най­дағы №115 мектепте ата-ана­лары­ның қатысуымен он шақты оқушы вакцина қабылдады.

– Бүгін бізде 12 ата-ана балаларына Comirnaty Pfizer вакцинасын ектіру туралы өтініш білдірді. Оқушылар екпені мектеп қабырғасында, арнайы егу бөлмесінде алып жатыр. Бұған дейін 11 балаға егілді. Жалпы, жыл басынан бері 19 оқушы коронавируспен ауырып шықты. Жұқпалы дерттің жолын кесу үшін бізге ұжымдық иммунитет қалыптастыру қажет. Мұны ата-аналардың да түсіне бастағаны қуантады, – деді мектеп медбикесі Гүлбану Жұмабаева.

Вакцина алып шыққан 11 сынып оқушысы Әмина Базарбаева қасына анасын ертіп келіпті.

– Қазір қалада тұмау өр­шіп тұр. Айналамыздағы туыс­­тарымыз, көрші-қо­­лаң, та­­ныс­тарымыздың бәрі

ауыр­ып шықты. Сондықтан өзі­­­міз ақылдасып, вакцина қа­­был­­дау керек деп шештік. Жол­­дасы­мыз екеуіміз екпе­нің үш компонентін ал­дық. Қызым биыл 11 сы­нып­­­ты бітіргелі отыр. Вак­­ци­­на балаға да артық ет­пей­­ді. Қайта пайдасы тие­ді. Бірін­шіден иммунитет қалып­тас­тырады. Бұл сұм­дық ауруды тек вакцина арқылы жеңіп шығамыз, – дейді Әминаның анасы Жаңылхан Мүслімова.

 

Қостанай облысы