Тағайындау • 14 Ақпан, 2022

ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары тағайындалды

461 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрінің Өкімімен Руслан Сұлтанұлы Желдібай ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары тағайындалды

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Руслан Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысында туған.

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Уорик университетін (Ұлыбритания) бітірген. «Болашақ» бағдарламасының түлегі.

Еңбек жолын 2012 жылы «Қазақстан» телеарнасында редактор болып бастаған.

2012-2018 жж. – «Алматы» телеарнасында бөлім басшысы, продюсер.

2018-2019 жж. – ҚР Ақпарат және коммуникациялар комитетінің Интернет кеңістігіндегі және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс жөніндегі басқарма басшысының м.а., басшысы.

2019-2020 жж. – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары.

2020 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.