Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында клиникаға қарасты Балалар аурулары кафедрасына Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері, еліміздің көрнекті ғалымы, тұңғыш медицина ғылымдарының докторы атанған қазақ әйелі, Қазақстанның педиатриялық мектебінің негізін қалаушы профессор-педиатр Нағима (Нина) Ахметқызы Барлыбаеваның есімі берілді.

Аталған іс-шара С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің медицина саласына зор үлес қосып, еңбек сіңірген дәрігерлер, профессорлар мен оқытушылардың есімдерін мәңгілікке есте қалдыру мақсатындағы «Тағзым» акциясы аясында атқарылды. Осы арада Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дің клиникалық базасы екенін еске сала кету керек. Ғылым, тәжірибе және білім тұтастығы қағидаларын ұстана отырып, орталықтың көптеген мамандары болашақ педиатрлар даярланатын балалар аурулары кафедрасының оқытушылары мен клиникалық тәлімгерлері болып саналады.
Іс-шараға ҚазҰМУ ректоры, профессор Т.Нұрғожин, Нағима Ахметқызының шәкірттері, ұлы – С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дің нейрохирургия курсы бойынша жүйке аурулары кафедрасының профессоры, «Қазақстан Республикасының неврологтер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің президенті Еркін Нұрғожаев, Педиатрия орталығының басшылығы мен өкілдері, сонымен қатар кафедра ұжымы мен жас дәрігер-резиденттер қатысты.
Нағима Ахметқызы 1924 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Қазақ медицина институтын (қазіргі Қазақ мемлекеттік медицина универстиеті) (1945ж), оның аспирантурасын (1951) бітірген. 1952-1965 жылдары Қазақстан Денсаулық сақтау минстрлігінің Педиатрия ғылыми-зерттеу институтында бала ауруларынан сақтану және оларды емдеу бөлімінің аға ғылыми қызметкері, меңгерушісі, директордың орынбасары, 1965-1992 жылдары Қазақ мемлекеттік медицина институтының кафедра меңгерушісі, 1971-1991 жылдары факультеттік, содан кейін госпитальдық педиатрия кафедрасын басқарды, бір мезгілде 1968-1979 жылдары педиатрия факультетінің деканы қызметін атқарды.
Ол 1970 жылы «Педиатрия» мамандығы бойынша медицина ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесінің және КСРО МҒА педиатрия ҒЗИ докторлық диссертациясын қорғағаннан кейін профессор ғылыми атағын алған алғашқы қазақ әйелі. Учаскелік дәрігерден профессорға дейін 60 жылдық еңбек жолын еңсеріп, Қазақстанның педиатриялық мектебінің негізін қалады, Қазақстанның жоғары білікті ұлттық ғылыми кадрларының алғашқы өкілі.
Оның негізгі ғылыми еңбектері кардиология мәселелеріне арналған. Н.Барлыбаева балаларда (соның ішінде жаңа туған сәбилерде) жүрек-тамыр, бүйрек, өкпе ауруларының патологиясы, миокардит, гипервитаминоз, рахит ауруларының белгілерін анықтау, емдеу және одан сақтану ерекшеліктерін зерттеді.
Ғылымға және денсаулық сақтау ісіне қосқан зор үлесі үшін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, Денсаулық сақтау және Білім министрлігінің Құрмет грамоталарымен, Шетелдермен достық және мәдени байланыстар жөніндегі Бүкілодақтық қоғамының Құрмет грамотасымен, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «КСРО өнертапқышы», «Ерен еңбегі үшін», «Лениннің 100 жылдығына орай», «Әл-Фараби», «Еңбек ардагері», «Тың игеруге – 50 жыл» медальдарымен марапатталған.
ҚазҰМУ-дің неонатология курсы бойынша балалар аурулары кафедрасына Қазақстанның көрнекті педиатрының есімін беру идеясын еліміздің бүкіл медицина қауымдастығы қолдады. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы атақты профессордың есімін мақтанышпен алып жүрмек. Оның өмірі мен қызмет жолы, қазақ медицинасына қосқан сүбелі зор үлесі жас педиатр дәрігерлерге өлшеусіз үлгі-өнеге бола береді.
АЛМАТЫ
Алматы облысында әскери қызметкер қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 09:42
Шөптегі хоккей: Қазақстан құрамасы Сингапур спортшыларын ұтты
Спорт • Бүгін, 09:37
Қашағанда мұнай қайта өндіріле бастады
Аймақтар • Бүгін, 09:25
Бүгін – Абай Құнанбайұлының туған күні
Абай • Бүгін, 09:18
Елімізде 2389 адам індеттен жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:08
Тағы 1650 қазақстандық індет жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Үздіктер қатарынан шығып қалды
Спорт • Бүгін, 08:43
Спорт • Бүгін, 08:40
Торонтода табысқа жете ала ма?
Теннис • Бүгін, 08:39
Халықаралық олимпиада жүлдегері
Білім • Бүгін, 08:37
«EcoQolday» қатысушыларына төлем жүргізіп жатыр
Қоғам • Бүгін, 08:35
13 қызметті автоматтандыру жоспарланған
Аймақтар • Бүгін, 08:33
Теннис • Бүгін, 08:32
85 миллион теңгеден астам берешегін қайтарған
Қоғам • Бүгін, 08:30
Қазақстан • Бүгін, 08:27
Колумбия үлкен өзгеріс қарсаңында тұр
Әлем • Бүгін, 08:25
Ақсақалдар кеңесі Бішкекте бас қосты
Саясат • Бүгін, 08:23
Абай күні кең көлемде атап өтілуде
Абай • Бүгін, 08:20
Аймақтар • Кеше
Мақсат – сапалы білімге қол жеткізу
Саясат • Кеше
Жаңа Зеландия: Ардерннің беделі түсіп барады
Әлем • Кеше
Израиль мен Палестина мәмілеге келді
Әлем • Кеше
Микрокредит тұзағына түспес үшін...
Қаржы • Кеше
Қоғам • Кеше
Мал бағуды неге жеңілдетпеске?
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Технология • Кеше
Экология • Кеше
Экология • Кеше
Облыс орталығында мыңдаған ағаш қурап қалды
Аймақтар • Кеше
Елордаға Түркістан театры келеді
Театр • Кеше
Облыс орталығында жарықсыз отыр
Аймақтар • Кеше
Ар ұстанымы, имандылық және серт
Абай • Кеше
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар