Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиевті қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
А.Жұмағалиев Президентке отандық БАҚ-тың бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру барысы және қазақстандық интернет-ресурстарының дамуы туралы баяндады.
Кездесудің барысында сондай-ақ Қазақстанда цифрлық телевизияны енгізу мәселесі талқыланды. Оның бірінші кезеңін жүзеге асыруға ағымдағы жылдың соңына дейін кірісу жоспарлануда.
Президент министрліктің басшылығына отандық ақпараттық кеңістіктің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру мәселесіне ерекше бақылау жасауды тапсырды, – деді журналистерге арналған брифингте А. Жұмағалиев.