Оқиға • 15 Ақпан, 2022

Қарағандыда заңсыз майнинг фермасы анықталды

366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы мониторингі агенттігі Қарағанды облысында заңсыз майнинг дерегін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыда заңсыз майнинг фермасы анықталды

«Майнинг фермасының жұмысына 40 тонналық төрт контейнер тартылды, онда майнингке арналған 1 173 жабдық орналасқан. Барлық жабдықтың бағасы 5,87 миллион АҚШ доллары немесе 2,5 миллиард теңге болады», делінген хабарламада.

«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының басқарма төрағасына қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайды.