Бұл туралы ДДҰ Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клуге мәлімдеді.
«Өткен жылдың қазан айында ДДҰ жаңа қоздырғыштардың пайда болуы туралы ғылыми-консультативтік топ құрды. Алдағы апталарда аталған топ тарапынан кейбір нәтижелер мен ұсыныстарды күтеміз», деді Ханс Клуге.
Ұйымның Еуропалық филиалының басшысы атап өткендей, ДДҰ сарапшылар тобы коронавирустың және оның жаңа қоздырғыштарының пайда болуын анықтайтын арнайы жүйе бойынша жұмыс істейді.
2021 жылдың қыркүйегінде ДДҰ коронавирустың шығу тегі туралы зерттеуді қайта бастайтыны белгілі болды.
Желтоқсан айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламасының директоры Майкл Райан ДДҰ COVID-19 қайдан шыққаны әлі белгісіз екенін айтты.