Жарыстың 7-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 183-орында тұрған словакиялық Йозеф Коваликпен өткізді.
Бірінші партияда екі брейк жасаған А.Бублик басымдылық танытты – 6:2. Қазақстандық спортшы екінші сетте де 2:0 есебімен алға шықты. Дегенмен словакиялық теннисші таразы басын теңестіре алды – 3:3. Бірақ матчты А.Бублик жеңіспен тәмамдай алды – 6:4. 1 сағат 19 минутқа созылған бәсеке барысында ол 7 эйс жасап, 12 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жібермеді. Қарсыласы 1 эйс, 1 брейкпен шектелді.
Қазақстандық теннисші жүлде қоры 1 млн АҚШ долларынан асатын доданың ширек финалына шығу үшін әлемнің 61-ракеткасы, франциялық Артур Риндеркнехпен таласады.