Президент • 15 Ақпан, 2022

«Бұл жоғары көрсеткіш». Мемлекет басшысы Абзал Әжіғалиевке қолдау білдірді

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент «Бейжің-2022» XXIV қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы Абзал Әжіғалиевті қолдап, жеделхат жолдады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бұл жоғары көрсеткіш». Мемлекет басшысы Абзал Әжіғалиевке қолдау білдірді
«Қазақстандықтар өзіңнің «Бейжің-2022» XXIV қысқы Олимпиада ойындарында көрсеткен өнеріңді асқан қызығушылықпен тамашалады. Олимпиаданың ашылу салтанатында көк туды желбіретіп алып шықтың. Өз жанкүйерлеріңнің сенімін ақтап, шорт-тректен 500 метрге жүгіруде финалдық бәсекеге дейін жетіп, нәтижесінде 4-орын иелендің. Бұл осы спорт саласы бойынша жоғары көрсеткіш екені анық», делінген Мемлекет басшысының жеделхатында.
 
Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыға дүбірлі додада нағыз ерік-жігер көрсеткені және жеңіске деген ұмтылысы үшін алғыс айтты. Сондай-ақ оның алдағы уақытта үлкен жетістіктерге жетіп, отандастарымызды қуанта беретініне сенім білдірді.