Аймақтар • 16 Ақпан, 2022

Атырауда қаржы жымқырған лауазымды тұлғалар ұсталды

874 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы мониторингі агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті мен «Атырау облысы Құрылыс басқармасы» ММ-ның лауазымды тұлғалары мен «Техника-Рем строй» ЖШС-нің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Атырауда қаржы жымқырған лауазымды тұлғалар ұсталды

Күдіктілер әлеуметтік объектілердің (мектеп, 2 отбасылық дәрігерлік амбулатория, спорттық-сауықтыру кешені) құрылысына бөлінген аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру дерегімен ұсталды. Серіктестік басшысына қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қылмыстық іс шеңберінде Атырау облысы Құрылыс басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары (қазіргі таңда Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары) Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабына сәйкес ұсталып, Атырау қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.