Аймақтар • 16 Ақпан, 2022

Қарағандыда бензин тасымалдайтын жүк көлігі аударылды

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды қаласының 15 магистраль жолында бензин тасымалдайтын жүк көлігі аударылып қалды. Апат салдарынан жолға 2 тоннаға жуық жанар-жағармай төгілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыда бензин тасымалдайтын жүк көлігі аударылды

16 ақпанда сағат 12:15-те Қарағанды қаласының 15 магистралі мен Попов көшесінің қиылысында бензин тасымалдайтын көлік аударылды.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдын ала мәліметтерге сәйкес «КамАЗ» (бензин тасушы) автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, салдарынан 20 тонналық жартылай тіркеме аударылып кеткен. Оқиға нәтижесінде жол төсеміне 2 тоннаға жуық бензин төгілді.

«Отынның төгілген жерінде өрт пайда болған жоқ, бензин 300 ш. м. жерге жайылып кетті. ТЖД күшімен бензин төгілген жерге ауа-механикалық көбік құйылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Полиция күшімен жол учаскесі уақытша жабылды. Цистерна ТЖД және «ГазОйлПром» ЖШС бірлескен күштерімен көтерілді», деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ бұл факт полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.