Әлем • 16 Ақпан, 2022

Швеция НАТО құрамына қосылмайды

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Швеция Солтүстік Атлантикалық альянсқа мүше болғысы келмейді. Бұл ұстанымды патшалық үкіметі тағы да растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Швеция НАТО құрамына қосылмайды

Фото: Ints Kalnins

Сыртқы істер министрі Энн Линденің парламентте ұсынған 2022 жылғы сыртқы саясат декларациясында Стокгольм НАТО-ның мүшелігіне үміткер болмайтыны анық жазылған. 

«Швецияның қауіпсіздік саясаты өзгеріссіз қалады. Әскери одақтардан азаттық бізге жақсы қызмет етеді және Солтүстік Еуропадағы тұрақтылық пен қауіпсіздікке ықпал етеді», деді Сыртқы істер министрі. 

Декларацияда Еуропадағы шиеленістің азаюына диалог арқылы ғана қол жеткізуге болатыны, алайда қарулы қақтығыс болған жағдайда Швецияның пассивті позиция ұстанбайтыны атап өтілген.