Футбол • 17 Ақпан, 2022

«Манчестер Сити» мен ПСЖ жеңіске жетті

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футбол жанкүйерлері екі айдан бері тағатсыздана күткен Чемпиондар лигасының тарихи кезеңі басталды. Себебі биылғы плей-офф сатысынан бастап аталған турнирде сырт алаңда соғылған голдың маңыздылығы жо­йылған болатын.

«Манчестер Сити» мен ПСЖ жеңіске жетті

1/8 финалдың орталық ойынында Мадридтің «Реалы» мен Париждің ПСЖ клубтары кездесіп, матч франциялық ко­манданың жеңісімен аяқталды – 1:0. Алаң иелерінің басымдығымен өткен ойынның (соққылар: 22-3) 90+4-минутында Мбаппе жеңіс голын соқты. Кездесудің 61-минутында Мессидің пенальтиден тепкен добын «Реал» қақпашысы Куртуа қайтара білді.

Ал Португалияға сапар шеккен Ан­глия­ның «Манчестер Сити» ұжымы «Спор­тинг» қақпасына жауапсыз бес гол соғып, ширек финалдың тағдырын алдын ала шешіп қойды десек те болады. «Сити» сапынан Силва дубльдің авторы атанса, Махрез, Фоден және Стерлинг бір мәртеден көзге түсті. Қарымта кездесулер 9 наурызға жос­парланған.