Қоғам • 17 Ақпан, 2022

Әнуар Жұмаділдаев қызметінен босатылды

714 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы қаржы министрінің бұйрығымен Әнуар Серқұлұлы Жұмаділдаев берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы қызметінен босатылды, деп жазады Egemen.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Әнуар Жұмаділдаев қызметінен босатылды

Әнуар Жұмаділдаев 1965 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

Патрис Лумумба атындағы халықтар достығы университеті мен Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін бітірген.

2005 жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Әр жылдары ҚР ҚМ Қаржылық бақылау комитеті мен Ішкі мемлекеттік аудит комитетін басқарды.

2017-2019 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2019-2020 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы болды.

2020 жылғы шілде айында ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды.