Қазақстан • 17 Ақпан, 2022

Nur Otan-ның атқарушы хатшысы Премьер-Министрмен кездесті

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Nur Otan партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов Премьер-Министр Әлихан Смайыловпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Nur Otan-ның атқарушы хатшысы Премьер-Министрмен кездесті

«Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Nur Otan Орталық аппараты Мәжілістегі фракциямен бірлесіп, партияның 2021 жылғы сайлауалды уәделерінің орындалу сапасына талдау жүргізуде», деп жазды Асхат Оралов әлеуметтік желіде.

Кездесу барысында Үкімет мүшелері мен партия органдарының Nur Otan-ның республикалық сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі өзара іс-қимыл мәселелерін талқыланды.