Президент • 17 Ақпан, 2022

Президент еліміздің қорғаныс қабілетін арттыруды тапсырды

1074 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысына Қазақстан армиясын реформалау үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есеп берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент еліміздің қорғаныс қабілетін арттыруды тапсырды

Руслан Жақсылықов Президентке «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасының жүзеге асырылу барысы туралы, сондай-ақ Мемлекет басшысының Қарулы Күштер құрылымы мен құрамын жаңғырту және әскери дайындықты жетілдіру, цифрландыру ісін одан әрі жалғастыру, әскери инфрақұрылымды дамыту, әскери қызметтің беделі мен тартымдылығын арттыру жөнінде берген тапсырмаларының орындалуы жөнінде баяндады. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі, оның ішінде Арнайы операциялар күштерін қалыптастыру аясындағы міндеттерді шешудің тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар жөнінде ақпарат берілді.

а

Бұдан бөлек Жоғарғы Бас қолбасшыға жеке құрамның жабдықталуына қатысты қазіргі ахуал, қару-жарақ пен әскери техниканың жағдайы, материалдық-техникалық құралдардың қолда бар қоры жөнінде баяндалды. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында әскери ведомство отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенімен өзара ықпалдаса отырып, әскерді техникалық тұрғыдан қайта жарақтау шараларын қабылдап жатыр.

Кездесу соңында Президент Қарулы Күштердің кешенді әрі жүйелі дамуын қамтамасыз етуге және олардың қажетті деңгейдегі әскери дайындығына қолдау көрсетуге, сондай-ақ еліміздің қорғаныс қабілетін одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.