Білім • 17 Ақпан, 2022

«Өзін-өзі тану» міндетті пәндер қатарынан алынады

509 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық білім академиясы аталған міндетті пәнді мектептерде келесі оқу жылынан бастап факультативтік санатқа ауыстыру бойынша жоба енгізді, деп жазады Egemen.kz.

«Өзін-өзі тану» міндетті пәндер қатарынан алынады

«Яғни, қыркүйектен бастап «Өзін-өзі тану» пәнін бұрынғыдай 1-11 сыныптар емес, тек бір сыныпта ғана оқушылардың таңдауы бойынша оқыту жоспарланып жатыр.

Пәнді факультативтік тізбеге ауыстыру бойынша жұмыс оқу бағдарламаларын жаңарту және білім алушылардың оқу жүктемесін азайту жөніндегі шаралар шеңберінде жүргізілетін болады, делінген БҒМ таратқан хабарламада.