2017 жылдың тамызында күдіктінің базар маңайынан Daewoo Nexia жеке меншік таксиін жалдап, «Лесозавод» ауданына қарай шыққаны анықталды. Діттеген жерге келгеннен кейін жүргізуші мен жолаушының арасында жол ақысының құны үшін қақтығыс болған. Таксист қызметінің құнын мың теңгеге бағалаған. Сөзге келіспей қалған жолаушы пышақ алып шығып, жүргізушіге 17 рет сұғып алған. Соның салдарынан жүргізуші оқиға орнында қайтыс болған. Адам өлімі болғаннан кейін қылмыскер ізін жасыруға тырысып, машинада қалған саусақ іздерін мұқият сүрткен. Аса ауыр қылмыс жасап, күдікті қылмыс жасалған орыннан жасырынған және бірнеше күннен кейін көршілес республикаға шығып кеткен.
Бес жыл бойы елордалық жедел қызметкерлер адам өлтірді деп күдікке ілінген адамның жеке басын анықтау бойынша көптеген жұмыс жүргізді. Криминалистер қылмыс орнынан табылған барлық іздерді зерттеді. Екі жыл өткеннен кейін автокөліктің жүксалғышынан алынған саусақ іздерін зерттей отырып, криминалистер сәйкестікті анықтаған. Алайда тергеп-тексеру жүргізу барысында саусақ іздері қайғылы оқиға орын алғанға дейін біраз уақыт бұрын жүргізуші барған жанар-жағармай құю станциясы қызметкеріне тиесілі екені анықталған. Өткен жылдың соңында криминалистер саусақ ізі бойынша тағы бір сәйкестікті анықтаған және қайтадан тексеріс бастаған. Саусақ ізі иесінің 2014 жылы Беларусь Республикасында ұрлық жасағаны үшін сотталғаны анықталды. Ол Ақмола облысының тұрғыны болып шыққан. Тексеріс жүргізу барысында жедел қызметкерлер оның адам өлтіруге қатысы бар екенін анықтаған. Ұсталғаннан кейін бұлтартпайтын айғақтардың нәтижесінде күдікті жасаған ісін мойындаған.
Қазіргі уақытта ол Нұр-Сұлтан қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.