Президент • 17 Ақпан, 2022

Ресей Қазақстанды құтқарды ма?

3137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan телеарнасына берген арнайы сұхбатында Қазақстан-Ресей қатынастары жайында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресей Қазақстанды құтқарды ма?

Қаңтар қасіретінің бір шеті шетелдік БАҚ беттерінде де көрінді. Көршілес мемлекеттердің журналистері елімізде болған оқиғаларды баяндау кезінде «Ресей Қазақстанды құтқарды» деген мағынада хабар таратқанын көрдік.

Осы тұста, Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас жайлы сөз қозғады.

«Ресей – Қазақстанға жақын орналасқан серіктес мемлекет. Осындай жағдайда оның бізге көмекке келуі айтпаса да түсінікті. Мұны құтқару емес, ортақ мүддемізді қорғау үшін жасалған іс-әрекет деп түсінуге болады. Бұл – бір. Екіншіден, аталған мәселеге геосаяси ахуал тұрғысынан да қарау керек. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы – бәрімізге ортақ құрылым. Ресей және Ұйымға мүше мемлекеттер Қазақстанның ғана емес, өздерінің де қауіпсіздігін ойлады. Сол үшін көмек қолын созды», деп түсіндірді Президент.