Сайлау • 17 Ақпан, 2022

Алдағы уақытта облыс әкімдері сайлана ма?

507 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Qazaqstan телеарнасына берген сұхбаты кезінде елдегі болып жатқан кадрлық өзгерістерге тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы уақытта облыс әкімдері сайлана ма?

– Жалпы айтқанда, кадрлық ауыс-түйіс – үздіксіз жалғаса беретін үдеріс. Лауазым мәңгілік дүние емес. Жұмыстың жаңа талабына икемделе алмаған адамдар қызметтен кетуге мәжбүр болады. Олардың орнын жаңа кадрлар басады. Әкімнің бәрін ауыстыру менің негізгі мақсатым емес. Әкімдердің жұмысына жан-жақты талдау жасалады. Негізгі талап – азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Сондықтан қажеттілік болса, тиісті кадрлық шешімдерді қабылдаймын, – деді Президент.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта міндетті түрде өзгерістер болатынын айтты. 

– Мен 2020 жылы халыққа Жолдауымда алғаш рет ауыл әкімдерін сайлау туралы айттым. Көп ұзамай ауыл әкімдерін сайладық. Былтырғы Жолдауымда «Келесі қадам – аудан әкімдерінің сайлауы» деп айттым. Оны 2024 жылы өткіземіз. Бәлкім, пилоттық жоба ретінде келесі жылдан бастасақ, орынды болар, – деді Мемлекет басшысы.