Федералды жиналыс мүшелерінің басым бөлігі оның кандидатурасын қолдап дауыс берді. Берілген және жарамды деп танылған 1 425 дауыстың ішінде 1 045 адам қазіргі президентті қолдаған. Федералды жиналыс тек қана президентті сайлау үшін бес жылда бір мәрте жиналады. Оның жартысы – бундестаг депутаттары болса, қалған жартысы 16 ландтаг – жер парламентінен жолданған сайлаушылардан тұрады. Олар жергілікті депутаттар, саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ спорт, өнер саласындағы танымал адамдар да болуы мүмкін.
Жиналыстың 86 мүшесі дауыс беруден қалыс қалған, 294 адам басқа үміткерлерді таңдаған. 66 жастағы Ф-В.Штайнмайер сайлаудың бірінші кезеңінде жеңіске жетті. Оны елдегі бүкіл беделді, саяси салмағы бар ірі партиялар қолдады. Биыл Федералды жиналыстың жұмысына 1 472 адам қатысты.
Франк-Вальтер Штайнмайерден бөлек бұл сайлауда тағы үш кандидат бақ сынады: майндтық дәрігер Герхард Траберт, ол 96 дауыс жинады, 140 дауыс жинаған экономист Макс Отте және астрофизик Штефани Гебауэр (Stefanie Gebauer), оған 58 дауыс берілді.
2017 жылы наурызда ФРГ президенті болып сайланған Франк-Вальтер Штайнмайер екінші мерзім ел басқарады.