Бокс • 18 Ақпан, 2022

Кезекті кездесуін өткізеді

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орта салмақтағы қазақстандық бокс­шы Қанат Ислам (28-0, 22 KO) өзінің келесі кездесуін 25 ақпанда өткізеді.

Кезекті кездесуін өткізеді

Рroboxpromotions.us басылымының мәліметі бойынша, қазақстандық боксшы Флорида штатының (АҚШ) Плант-Сити қаласында өтетін жекпе-жек кешінде жұды­рықтасады. Оның бұл жолғы қарсыласы – әлем чемпионы атағынан үміткер болған Ұлыбритания өкілі Джимми Келли (25-2, 10 КО). ProBox Promotions промоутерлік компаниясы бұл айқаста орта салмақта WBO Global белбеуі сарапқа салынатыны туралы ақпаратты да таратты.

Айта кетейік, Қанат Ислам өзінің соңғы кездесуін 2021 жылдың 20 ақпанында Майамиде өткізіп, эквадорлық Джейсон Мин­даны (14-5-1, 8 КО) жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді.