Экономика • 18 Ақпан, 2022

Қазақ-Қытай шекарасында жүк тасымалы тарифі төмендейді

630 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екі ел шекарасындағы автокөлік кептелісі 10 күннің ішінде шешімін табады, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Қазақ-Қытай шекарасында жүк тасымалы тарифі төмендейді

Бұл туралы  Премьер-Министрдің орынбасары, Сауда және интеграция министрі Алматыға жұмыс сапары кезінде айтылды.

Бақыт Сұлтанов  «Нұр жолы» өткізу бекеті мен «Қорғас – Шығыс қақпасы»  және «Қорғас» халықаралық шекара-маңы ынтымақтастығы орталығына барды.

Онда жүк тасымалдаудың бірыңғай электрондық кезегін ұйымдастыру әдістері талқыланды. Жеке операторларды алып тастау есебінен тасымалдау құнын едәуір қысқарту мәселесі де сөз болды.

Соңғы жаңалықтар

Балаларға ораза ұстауға бола ма?

Руханият • Бүгін, 15:59