Аймақтар • 19 Ақпан, 2022

Алматыда заңсыз жұмыс істеген майнингтік ферма анықталды

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторингі агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда заңсыз жұмыс істеген майнингтік ферма анықталды

Агенттіктің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті қала прокуратурасымен бірлесіп, ҚР заңнамалық актілерінің нормаларына қайшы цифрлық майнинг қызметін жүзеге асырған Алматы индустриялық аймағының аумағында орналасқан майнингтік ферманы анықтады.

«Тергеу сотының санкциясымен тінту жүргізу барысында алты контейнерден майнингтік ферма табылды, онда сандық криптовалюта өндірісіне арналған шифрлаушы кешені бар 700-ден астам жабдық табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, сараптамалар тағайындалды», делінген агенттік хабарламасында.