Тағайындау • 21 Ақпан, 2022

Алматы облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

1050 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлібек Жақанбаев Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Алматы облысы әкімінің өкімі бойынша, Серік Тұрдалиев басқа қызметке тағайындалуына байланысты облыс әкімінің орынбасары қызметінен босатылған.

Әлібек Жақанбаев 1964 жылы дүниеге келген. Қазақ Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын орман шаруашылығы инженері мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алакөл ауданындағы Левобережный кеңшарында жұмысшы болып бастаған.