Тоқаевтың монополиямен ымырасыз күрес туралы мәлімдемесі аясында елдегі ахуал қандай?

Қаңтардағы оқиғалар Президенттің өткеннен алшақтап, жаңа Қазақстанды, яғни халық үнін еститін мемлекетті сөз жүзінде емес, іс жүзінде құру үшін барлық күш-жігерді жұмылдыруға мүмкіндік беретін бірқатар батыл шешімдерді қабылдауына түрткі болды. Тоқаевтың бұл сөзі, ең алдымен, бизнестің дамуына және адал бәсекелестікке кедергі келтіретін схемаларды ойластырғандарға бағытталды. Сірә, дәл қазір Мемлекет басшысы да, халық та бағаның өсуіне немесе қазақстандықтардың өмір сүру деңгейінің нашарлауына әкеп соғуы мүмкін қандай да бір іс-әрекетке жол бермеу туралы ортақ пікірде болса керек. Бұл тұрғыдан Президенттің монополистермен батыл күрес жүргізу туралы мәлімдемесі қисынға саяды және дер кезінде жария етілді.
Қайғылы оқиғалардан кейінгі алғашқы қаулыларының бірімен Қасым-Жомарт Кемелұлы жеке «ӨКМ операторы» ЖШС-ның кәдеге жарату алымының күшін жойып, «Жасыл Даму» мемлекеттік ұйымының пайдасына шешкені бәріміздің есімізде. Бұл өткеннің келмеске кеткенін және перспективалы болашаққа жол ашылғанын білдіретін бастапқы нүкте болды.
Бірақ қазақстандық бизнестегі тоғышарлық «ӨКМ» операторымен ғана шектелмейді. Бүгінгі таңда іс жүзінде әр индустрияда миллиардтаған қаржыны тек өз қалтасына басып, монополия негізінде ғана жұмыс істейтін жеке компаниялар жеткілікті.
«СК-Фармация» ЖШС, «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС, «Центр учета ставок» ЖШС – осы компаниялардың әрқайсысының артында сыбайлас жемқорлық сойқанының сойылын соғатындар тұрғаны белгілі. Қазақстан қалаларының жолдарында «Сергек» камераларында тіркелетін айыппұлдар ақшасының қайда кетіп жатқаны мүлдем түсініксіз. Ал егер тауарларды таңбалаудың бірыңғай операторы болып танылған «Қазақтелеком» АҚ төңірегін қазбаласақ, ондағы монополист акцияларының 49%-ы жеке құрылымдарға тиесілі екенін атап өтуге туралы келеді.
8 ақпанда Президент бірінші кезекте монополиямен күресуге бағытталған реформаларды, сондай-ақ әртүрлі салаларды қолдауға арналған басқа шешімдерді жуық арада және егжей-тегжейлі талқылайтынын жариялады. Мемлекет басшысы жасанды түрде құрылған жеке монополияларға талдау жасап, Үкіметке тез арада мұндай қызметке заң жүзінде тыйым салынуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Сонымен қатар Бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттікке құрылыс нарығындағы монополияны жоюдың тиісті шаралар жиынтығын әзірлеу тапсырылды. Президент құрылыс тендерлерін үнемі жеңіп алып, одан кейін жобаларды қосалқы мердігер компанияларға, ал олар өз кезегінде тағы бір қосалқы мердігер ұйымдарға өткізетін компанияларды білетінін атап өтті. Мұндай схема, әрине, жұмыстардың құнына, олардың сапасына да теріс әсер ететіні сөзсіз. Президент үш жыл қатарынан мемлекеттік сатып алулар кезінде тендерлердің ашықтығын күшейтуді талап еткенін, бірақ нәтижелері көңіл көншітпейтінін мәлімдеді.
Қазақстанда жекелеген экономикалық функцияларды іске асыруға және қызметтерді монополиялық басымдықпен көрсетуге уәкілетті, ерекше құқықтарға ие 50-ден астам нарық субъектісі бары анықталды. Тоқаевтың айтуынша, жақын арада осы компаниялардың көпшілігіне қатысты маңызды реформалар жүргізіліп, нәтижелері бойынша субъектіні таратуға дейінгі шешуші шаралар қабылданатын болады. «Қалай болғанда да, монополистерге қатысты мәселе шешілмейінше, ел экономикасы өрлеу жолына баспайды, ал ішкі саяси ахуал тек нашарлай береді», деп есептейді Президент.
Қазақстан, Әзербайжан және Түркия көлік-логистика мәселелерін талқылады
Қазақстан • Бүгін, 21:00
Мәулен Әшімбаев ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысымен кездесті
Парламент • Бүгін, 20:40
Еңбек министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 20:23
Президент мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту туралы заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 20:02
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Конституциялық заң жобасы әзірленді
Қазақстан • Бүгін, 19:53
Президент Koç Holding компаниясының басқарма мүшесі Али Кочты қабылдады
Президент • Бүгін, 19:30
Шілдеде Қазақстанның екі облысында құрғақшылық болуы мүмкін
Ауа райы • Бүгін, 19:17
Көкшетауда 630 орындық заманауи аурухана салынады
Қоғам • Бүгін, 18:57
QazVac-тың III клиникалық сынақ нәтижесі жарияланды
Коронавирус • Бүгін, 18:38
«Парламент сөзі» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды
Парламент • Бүгін, 18:18
«Miras» кеңесінде Ұлттық құрылтайдың міндеті талқыланды
Қоғам • Бүгін, 17:53
Павлодар облысында суға батып кеткен қыздың денесі табылды
Оқиға • Бүгін, 17:44
Astana велоклубы «Тур де Франсқа» қатысатын құрамын жариялады
Спорт • Бүгін, 17:37
Мектептерде түркі тарихы жайлы жаңа пән енгізіле ме
Білім • Бүгін, 17:22
Қазақконцерт пен ТҮРКСОЙ Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қояды
Қоғам • Бүгін, 17:10
Колледждерге құжат қабылдау басталды
Білім • Бүгін, 17:01
Қызылордада есірткіге қарсы акция өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:52
Сенатта «Парасат» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Парламент • Бүгін, 16:45
АҚШ-тың Такома қаласында атыс болды
Әлем • Бүгін, 16:36
Қазақстанда учаскелік инспекторлар жаңа ереже бойынша жұмыс істейді
Қазақстан • Бүгін, 16:28
Аймақтар • Бүгін, 16:18
Қаржы • Бүгін, 16:10
Жамбыл облысы Жуалы ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:02
Шымкентте күннің ыстығынан көлік өртенді
Оқиға • Бүгін, 15:53
Қазақстанда құс еті қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 15:43
ҰБТ: 267 оқушы тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды
Білім • Бүгін, 15:37
Түркістан облысы тұрғынының ауласынан 30 түп сора табылды
Аймақтар • Бүгін, 15:28
Елордада «Нартай» фильмінің тегін көрсетілімі өтті
Өнер • Бүгін, 15:18
Қазақстан криптоактивтерді шығару бойынша әлемде екінші орында тұр
Қазақстан • Бүгін, 15:08
IPO-ға қатысу халық үшін қолжетімді болуы қажет – Президент
Қоғам • Бүгін, 15:03
Тұрар Рысқұлов ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:57
Президент: Елімізге жаңа әрі сенімді инвестиция көздері қажет
Президент • Бүгін, 14:50
Ұлыбритания Ресей алтынын импорттаудан бас тартты
Әлем • Бүгін, 14:44
Қазақстандықтардың салыққа берешегі 24,3 млрд теңгеге жетті
Қоғам • Бүгін, 14:35
Үйінде есірткі сақтаған ШҚО тұрғыны ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:28
Жаңа облыстардың тұрғындарына көлік нөмірін ауыстырудың қажеті жоқ
Аймақтар • Бүгін, 14:20
Ресей сыртқы қарызы бойынша дефолтқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 14:13
Қазақстандық жас теннисшілер Уимблдон турнирінде өнер көрсетеді
Теннис • Бүгін, 13:53
Қытай Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізуі мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 13:43
Қазақстандықтардың алғашқы легі қажылыққа аттанады
Руханият • Бүгін, 13:31
Ұқсас жаңалықтар