Жекпе-жек • 21 Ақпан, 2022

Бір емес, үш салмақта чемпион атанамын – Хамзат Чимаев

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Швецияның атынан сынға түсіп жүрген шешен жігіті Хамзат Чимаев UFC-де бір емес, үш салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанудан үмітті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz championat.com-ға сілтеме жасап.

Бір емес, үш салмақта чемпион атанамын – Хамзат Чимаев

«Менде бір ғана мақсат бар. Ұйымдағы әлемнің ең үздік спортшысы болуды мақсат тұтамын. Бір ғана салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атағына қол жеткізген қарапайым чемпиондардың қатарын толықтырғым келмейді. Шынтуайтына келгенде екі немесе үш салмақ дәрежесінде үздік атануды көздеп отырмын. Қолымнан келе ме, жоқ па, ол жағын уақыт көрсетеді. Біз өз жоспарымызды жасай береміз, алайда соңғы сөз Құдайдың құзыретінде ғой», дейді спортшы.