Әлихан Смайылов өткен аптада Денсаулық сақтау вице-министрінің қатысуымен брифинг өткенін еске салды.
«Ол журналистердің сұрақтарына нақты жауап бере алмады. Осыған назар аударуыңызды сұраймын. Бұл Үкіметтің жұмысына теріс әсер етеді», деді Әлихан Смайылов.
Осыған байланысты ол министрлер кабинетінің мүшелеріне журналистермен тығыз байланыста болуды тапсырды.
«Біз қоғам үшін ашық болуымыз керек. Үкіметтің басты міндеті - әрбір қабылданған шешімді жұртшылыққа жеткізіп, халықтың пікірін ескеру», деп қосты Үкімет басшысы.