Үкімет • 22 Ақпан, 2022

Журналистердің сұрақтарына жауап бере алмады – Смайылов ескерту жасады

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысы барысында денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаевқа ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Журналистердің сұрақтарына жауап бере алмады – Смайылов ескерту жасады

Әлихан Смайылов өткен аптада Денсаулық сақтау вице-министрінің қатысуымен брифинг өткенін еске салды.

«Ол журналистердің сұрақтарына нақты жауап бере алмады. Осыған назар аударуыңызды сұраймын. Бұл Үкіметтің жұмысына теріс әсер етеді», деді Әлихан Смайылов.

Осыған байланысты ол министрлер кабинетінің мүшелеріне журналистермен тығыз байланыста болуды тапсырды.

«Біз қоғам үшін ашық болуымыз керек. Үкіметтің басты міндеті - әрбір қабылданған шешімді жұртшылыққа жеткізіп, халықтың пікірін ескеру», деп қосты Үкімет басшысы.

Соңғы жаңалықтар

Үш айда 7 145 жұмысшының құқығы қорғалды

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

1650 адам қала тазартуға қатысты

«Таза Қазақстан» • Кеше

«Жеміс»

Мың бір мысал • Кеше

Дәм сезбейтін аспаз

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Мода дегеніміз...»

Сатира • Кеше

Жеңіс тарихы ұмытылмайды

Өшпес даңқ • Кеше