Оқиға • 22 Ақпан, 2022

Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды

505 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды

«2022 жылғы 22 ақпанда таңғы сағат 04:11 минутта (Нұр-Cұлтан қаласы уақыты) кезекші қызмет пультіне Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Смағұлова №15 мекенжайы бойынша «Альтаир» жанармай құю станциясының жануы туралы хабарлама келіп түсті. Шақыру орнына дереу Ақтөбе қаласының өрт сөндірушілері мен құтқарушылары жіберілді», делінген хабарламада.

Оқиға орнына Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері келгенде «Альтаир» техникалық қызмет көрсету станциясында газ-ауа қоспасының жарылғаны анықталды, нәтижесінде 600 шаршы метр алаңда ғимараттың құлауы мен ТҚКС ішінде және жанында тұрған 11 автомобиль зақымданды. Алдын ала ақпарат бойынша жарылыс автомобильдің газ-баллон жабдығынан шыққан.

ТЖ орнында Ақтөбе облысы ТЖД 136 адам және 16 бірлік техника күштері мен құралдары, сондай-ақ ЖАО 2 бірлік техникасы жұмыс істеп жатыр. Оқиға орын алған сәттен бастап жоғалған күзетшіні іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген іздеу жұмыстары нәтижесінде үйіндінің астынан күзетшінің денесі табылды.