Қазақстан • 22 Ақпан, 2022

Утиль алымының жаңа мөлшерлері ертең жарияланады

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев кәдеге жарату алымының жаңа мөлшерлемелері белгіленгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Утиль алымының жаңа мөлшерлері ертең жарияланады

«Кәдеге жарату алымының жаңа мөлшерлемелері белгіленді. Олар ертең 23 ақпанда жарияланатын болады», деді министр.

Сонымен қатар ол ӨКМ Операторының шоттарында шамамен 220 млрд теңге сомасындағы ақша «Жасыл Даму» жаңа кәсіпорнына берілгенін нақтылады.

Ведомство басшысы бұл ақша жеңілдетілген несиелеуге жұмсала ма деген сұраққа түсініктеме берді.

«Мұны заңнама нормаларына сәйкес қарайтын боламыз. Әзірге айта алмаймын», деп қосты Серікқали Брекешев.