Аймақтар • 23 Ақпан, 2022

Бұл – байлық жарыстыратын рәсім емес

583 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Өмір бар жерде – өлім бар». Өлімді жерде жаға жыртысқан дау болмаса да, оқтын-оқтын кереғар пікірлер болып тұрады. Бірі марқұмды о дүниеге шығарып салу рәсімінде дастарқанды тойдағыдай жайнатып, тәтті-дәмдісін тосқысы келсе, енді бірі марқұмның басына күмбез тұрғызғысы келеді. Мұның бәрі ысырап. Өскемен аймағы ақсақалдарының VI форумында осы салттық рәсімдерді бір арнаға түсіру жөнінде сөз қозғалды.

Бұл – байлық жарыстыратын рәсім емес

Жоғары оқу орнының қа­быр­ғасында өткен «Ислам-ынтымақ және бірлік діні» жылы: мақсат, міндеттер, ақсақалдардың орны мен рөлі» атты форумда ұлттық құндылықтар төңірегіндегі мәселелер жан-жақты сараланды. Дәстүрлі жиында дін мен дәстүр сабақтастығын нығайту, жерлеу, салттық рә­с­імдерді бір арнаға түсіруді насихаттау жөнінде сөз қоз­ғалды. «Қазақ қоғамында және дәстүрлі тәрбиеде ақса­қалдардың рөлі зор екенін білеміз. «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» дейді қазақ. Бұл жолғы форумның бас­ты мақсаты – елді ынты­маққа үндеу және өлім-жітім­дегі рәсімдеріндегі дәс­түр­ді бірізділікке түсіру. Рес­пуб­ликалық ІV имамдар форумында айтылған осы бағыттағы ұсыныс-пікір­лер­ді ескеріп, насихаттауы­мыз да керек. Жерлеу дәс­түрін біріз­­ділікке түсірудің маңыз­ын да ортаға салып, ақсақалдардың пікірлерін тыңдауымыз керек», деді облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бас имам Ермек қажы Мұқатай.

Бас имам ҚМДБ жаны­нан «Қамқор-Шарапат» салт­тық қызмет көрсету орталы­ғы құрылып, жерлеу рәсім­­дерін ел көлемінде бір жүйе­ге түсі­ру жөнінде Өскемен ай­мағында жұмыстардың қол­ға алынғанын атап өт­ті. Рас, Өскеменнің іргесін­дегі мұ­сылман зиратында қор­­шау­­лар бір үлгіде қала­нып, бір типтес тақта тастар қойылады. 

Жиында бірқатар қа­рия­ көтеріліп отырған мә­се­леге байланысты өз ойларын ортаға салып, тағы да ұсыныстар білдірді. Атап айтқанда ақсақалдар кеңе­сін­ің төрағасы Манар­бек Мұ­ха­меджанов өз сөзінде ҚМДБ тарапынан ақсақалдар институтын қолданысқа ен­гізіп, ұлттық құндылықтар­ға басымдық беруге талпы­нып отырғандығы құп­тар­лық бастама деп атап өт­ті. Ал Қазақстанның Мәде­ниет қайраткері Нәбиолда К­емешев өлімді жерде ысы­рап­шылдықты әлі де азайту керектігін сөз етті. «Жерлеу рәсім­дерін бірізділікке түсі­ріп, ысырапқа жол бер­мей, бұ­рын­ғы салт-дәс­түрді жаң­ғыр­туы­мыз керек. Қазір­­ден бас­­тап, осы мәсе­лені түбе­гей­лі реттейік. Мар­құм­­ды шы­ға­рып салу рәсімі бай­лық жа­рыс­тыратын фор­мат­та емес, өткен адам­ға құр­мет көр­сетудің өнеге­сін көрсету бағы­тында бол­­ғаны дұрыс. Мы­салы, «Халифа Алтай» меші­тінің қа­тым­­ханасында тағам түр­лері ықшамдалды», дейді Нәбиолда Кемешов.

Форумда сөз алған қария­лар салт-дәстүрді жаңғыр­ту мақсатында істеліп жат­қан жұмыстарға өткен жыл­дар­дағы форумдардың да ық­палы бар екенін айтып өтті.

 

Шығыс Қазақстан облысы