Қоғам • 23 Ақпан, 2022

«150 жылдыққа −150 шақырым»

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таяуда астанада Ахмет Байтұрсынұлының айтулы мерейтойына арналған «150 жылдыққа − 150 шақырым» атты алғашқы қысқы веломарафон өтті. Оған танымал велошабондоз, журналист Ернат Мелсұлы қатысып, жалғыз өзі елордадағы Триатлон паркінде елу айналым жасап, 150 шақырымды еңсерді.

«150 жылдыққа −150 шақырым»

Бұл велошеру еліміздегі алғаш­қы қысқы марафон ретінде Қазақстанның рекордтар кітабына (Қазақстандық ақпараттық-энциклопедиялық анықтамалық) тіркелді. Вело­шабандозға тиісті сертификатты аталған анықтамалықтың елордадағы өкілі Қуандық Құдай­бергенов тапсырды.

Елордалық велошабондоз бұған дейін де бірнеше велошеру ұйымдастырғанын біле­міз. Атап айтқанда, 2018 жылы астананың 20 жыл­дығы мен Қарағанды облысы Ақ­тоғай ауданының 90 жыл­ды­ғына арналған «Астана-Ақто­ғай» 500 шақырымдық веложарысына; 2019 жылы Сәкен Сейфуллиннің 125 жыл­­дығы мен Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының 90 жылдығына арналған «Қарағанды − Жаңаарқа» 208 шақырымдық веложарысына; 2020 жылы Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған «Нұр-Сұлтан −Жидебай» 1088 шақырымдық веложары­сына, сондай-ақ былтыр Ыбы­рай Алтынсариннің 180 жыл­дығына, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына, Ыбырай Ал­тын­­­сарин атындағы Ұлт­тық білім академиясының 100 жыл­дығына, Ыбырай Алтынсарин музейінің 30 жылдығына арналған 750 шақырымдық «Нұр-Сұлтан – Қостанай» вело­шеруіне бастамашы болып, оған өзі де қатысты.

Айта кетейік, Ернат Мелс­ұлы − жан-жақты азамат, ағылшын тілінің маманы, аудар­машы, «Ағылшынша тіл сындыру» атты кітаптың авто­ры. Қазір ол «Хабар-24» те­леарнасының шетел жаңа­­лықтарын дайындайтын тілшісі.